09.02.2011, 13:10 3629

Қазақстанның барлық аймақтарында қар жауып, көк тайғақ болып және боран соғады деп күтілуде

Бүгін сәрсінбіде Қазақстанның барлық аймақтарында қар жауып, көк тайғақ болып және боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін сәрсінбіде Қазақстанның барлық аймақтарында қар жауып, көк тайғақ болып және боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "Қазақстанның басым бөлігінде белсендi циклонның ықпалында болып, қары басым жауын болуы ықтимал, боран, көктайғақ, батыстан күшті жел тұрады", - деп айтылған хабарламада.

Павлодар облысында қатты боран болуы ықтимал деп болжауда синоптиктер, айтылған бойынша мұнда желдің екпіні скундына 28 метрге жететін болады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран болып, секундына 17-22 метрге дейін жететін жел тұрады.

Ақтөбе облысында күндіз , Қостанай облысының түнде кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Жамбыл, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, секундына 18-23 метрге дейін жететін жел. Қызылорда, Маңғыстауда, күндіз, Атырау облыстарының кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны