21.09.2012, 15:34 2806

Қазақстанның барлық аймақтарында жылыту маусымы 15-қазанға дейін басталады

Қазақстанның бірқатар қалаларында, оның ішінде Алматы және Астанада жылуды 25-қыркүйекте қосу жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергоқадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның барлық аймақтарында жылыту маусымы 15-қазанға дейін басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның бірқатар қалаларында, оның ішінде Алматы және Астанада жылуды 25-қыркүйекте қосу жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергоқадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

"Ақмола облысының Астана, Степногорск, Көкшетау қалаларында, Алматы облысының Алматы, Талдықорған, Қапшағай қалаларында жылу желілерін 25-қыркүйектен бастап іске қосу жоспарланып отыр", делінген жұмада таралған хабарламада.

1-15 қазан күндері Қазақстанның басқа аумақтарында жылу желілерін іске қосу көзделген.

Хабарламаға қарағанда, 8 энергоблок, 33 қазандық және 14 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталған.

Отын қоймаларында 5,2 млн тонна көмір бар, бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда 42% артық.

Сонымен қатар, ақпаратқа қарағанда, кейбір аймақтарда жылыту маусымына қатысты әлі де бірқатар мәселелер шешілмеген көрінеді.

"Қыркүйек айының басына қарағанда Семейдің "Теплокоммунэнергосының" 22 қазандығының 15-і ғана жөнделген көрінеді. Көкшетауда күл төгілетін орын толып тұр. Жезқазғанда жөнделуге тиіс жылу желілерінің 19,6 шақырымының тек 17,5 шақырымы ғана жөнделген. Талдықорған мен Текелінің жылу желілері тым тозып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны