22.01.2014, 19:07 9622

Қазақстанның барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Ашық есік күні өтуде

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Ашық есік күні өткізілуде. Қабылдау барысында азаматтар жұмысқа орналасу мәселелерін қарастырып, құқықтық кеңес ала алады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қабылдауда, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Ашық есік күні өткізілуде. Қабылдау барысында азаматтар жұмысқа орналасу мәселелерін қарастырып, құқықтық кеңес ала алады.

"Бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қабылдап жатыр. Қоғамдық қабылдау бөлмесі күні бойы ашық болады. Келушілердің әрқайсысының талап-тілегі тыңдалып, олардың барлығы қадағалауға алынады", - деп атап өтті "Нұр Отан" партиясы Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгершісі Руслан Асаубаев.

Сондай-ақ, аталған шара Президент Н.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Сонымен қатар, онлайн режимінде қабылдау барысында аймақтардағы азаматтардың өтініштері де тыңдалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны