13.12.2006, 17:47 2971

Қазақстанның бас мүфтиі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды

ПАВЛОДАР. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның бас мүфтиі Ибсаттар қажы Дербісәлі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ақиқатты ашып, өзінің пайдакүнемдік ниетімен біздің жастарымызды есеңгіретіп жүрген барлық қаскөйлерге қарсы салмақты сөз айтатын кез жетті",- деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Павлодарда өткен "Қазіргі Қазақстан және ислам діні" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға. "Фундаментализм, сепаратизм, экстермизм түсініктері шынайы мұсылман үшін жат түсінік, сондықтан да мен жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырамын", - деді Бас мүфти.

"Шынайы мұсылман дінге сенушілерді ғылымға араласуға, жаңаны тануға, қайырымдылық жасауға шақырады" - деп атап өтті Бас мүфти.

И. Дербісәлінің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында кез-келген адамға Құран және шынай құндылықтар туралы түсіндіре алатын 1800 мешіт бар. "Біздің еліміз 15 жыл ішінде айтарлықтай өсті, беделге ие болды және де әртүрлі халықтар мен діни сенім-нанымдар арасында бірлік пен келісімді сақтай білді. Қазір тәуелсіз Қазақстан тұрғындарына өздерінің пайдакүнемдік пиғылын күшпен таңатындарға және араға жік салып жаңжалдастыратындарға жол жабық",- деп атап көрсетті ол.

Форум жұмысында дін өкілдерінен басқа атақты ғаламдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жастар қозғалысының көшбасшылары және Павлодардың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Негізгі талқыланған тақырып "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының қиратқыш әрекеті жайлы болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны