03.10.2009, 16:39 3440

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау комитетінің төрағасы болып Кеңес Оспанов тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Алмагүл Ибенова хабарлады.

А. Ибенованың айтуынша, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Кеңес Оспанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық -эпидемилогиялық қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Республикалық СЭС-ті басқарған.

Комитеттің бұрынғы төрағасы Анатолий Белоног ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласын дамыту институтының директорына тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны