23.09.2010, 14:22 4028

Қазақстанның басым аймақтары жауын-шашынсыз, жылы болады

Қазақстанның басым аймақтары жауын-шашынсыз, жылы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 23 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аймақтары жауын-шашынсыз, жылы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидрометтің" болжауынша, Қазақстанның басым аймақтары антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Республиканың тек батыс облыстары атмосфералық ағымдар ықпалында болады, мұнда өткінші жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы өткелдерінің жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір өңірлерінде 0-3 градусқа дейін суытады. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық, шығысы мен солтүстігінде жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталатынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны