30.11.2010, 13:53 6684

Қазақстанның басым аймақтарында алдағы тәуліктерде қар жауады деп күтілуде - ТЖМ

Қазақстанның басым аймақтарында алдағы тәуліктерде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аймақтарында алдағы тәуліктерде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың 30-қарашасында "Қазақстанның басым аймақтарында жауын-шашын болып, арты қарға айналады, сондай-ақ боран соғады, деп күтілуде. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғып, жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді".

Сонымен қатар, ТЖМ хабарлауынша, "Қостанай мен Қарағанды облысында, Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты жел соғып, боран соғады. Ақтөбе, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көк тайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, ал Ақтөбе облысында секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, желдің күші секундына 17-22, тіптен 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде көк тайғақ. Жамбыл облысында тұман түседі, деп күтілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны