23.02.2011, 11:56 3572

Қазақстанның басым аймақтарында шытымыр аяз әлі де сақталады

Қазақстанның басым аймақтарында шытымыр аяз әлі де сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аймақтарында шытымыр аяз әлі де сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болады.

"Суық антициклон әлі де Қазақстанның басым облыстарының ауа райына әсер ететін болады. Республиканың оңтүстік облыстары белсенді фронталды аймақ әсерінде болып, қар, тұман, көктайғақ күтілуде", - делінген ведомство ақпаратында.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады және жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін жел соғатындығы болжануда. Ал Жамбыл облысының тау асуларында желдің қуаты секундына 25 метрге жетеді.

Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының да кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей өңірінде боран соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді және 23-28 градустық аяз болады. Ақтөбе мен Атырау облыстарында түнде 31-38 градустық күшті аяз сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны