27.10.2011, 12:24 4053

Қазақстанның басым аумағы жауын-шашынды болады деп күтілуде

27 қазан күні Қазақстанның басым аумағымен атмосфералық ағымдардың өтуімен қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, күшті жел тұрады.

Алматы. 27-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағы жауын-шашынды болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 27 қазан күні Қазақстанның басым аумағымен атмосфералық ағымдардың өтуімен қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, күшті жел тұрады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Алматы мен Павлодар облыстарында желдің екпіні күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-22 метрді құрайтын болады.

Ал бейсенбіге жасалған гидрологиялық болжамдарға сәйкес, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі сулы нысандарда су бетінің сууы байқалса, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбырға байланысты су көлемінің жоғарылауы күтіледі.

Ал Қызылорда облысының аумағымен ағып өтетін Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан келетін су көлемінің азаюы себебінен су деңгейі төмендеуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны