14.09.2011, 09:10 2962

Қазақстанның басым аумағында 14-қыркүйек күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде

Циклонның әсерінен және соған қатысты атмосфералық ағымдарға байланысты Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа-райы күтілуде, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, шаңды боран тұрады.

Алматы. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында 14-қыркүйек күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Циклонның әсерінен және соған қатысты атмосфералық ағымдарға байланысты Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа-райы күтілуде, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, шаңды боран тұрады.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына қарағанда, республиканың шығысы бұрынғысынша жауын-шашынсыз. Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-21 м/с жел тұруы мүмкін. Ақтөбе облысында кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, түнде тұман түседі. Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел, шаңды дауыл тұрады деп болжанған. Шығыс Қазақстан облысында, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында 0-3 градусқа дейін күн суытады деп болжануда.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, батысы мен орталығында кей жерлерінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Астанада ертең ауа райы құбылмалы, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс желі 9-14, желдің екпіні 18 м/с. Температура түнде +13+15, күндіз +23+25 градус.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны