18.02.2015, 11:16 3962

Қазақстанныӊ басым аумағында 35 градусқа дейін аяз көтеріледі

Қазақстанға аяз қайтып оралды, түнгі мезгілдері республиканыӊ басым аумағында ауа температурасы 20-27 градусқа дейін суытып, кей жерлерде 30-35 градусқа дейін аяз көтеріледі

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанға аяз қайтып оралды, түнгі мезгілдері республиканыӊ басым аумағында ауа температурасы 20-27 градусқа дейін суытып, кей жерлерде 30-35 градусқа дейін аяз көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанныӊ басым аумағы атмосфералық ағымдардыӊ ықпалында болып, соныӊ салдарынан жауын-шашын, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, жекелеген жерлерде жел күшейеді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ақмола облысында боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, 15-20 жылдамдықта жел ұйытқиды, күндіз бұрқасын болады.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықта қар аралас жел тұрады. Павлодар облысында түнде 17-25 м/с жылдамдықта жел күшейіп, боран соғады.

Қостанай облысында түнде тұман түседі деп болжануда.

Батыс Қазақстан облысында аздаған бұрқасын болады.

Алматы, Атырау, Маӊғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Маӊғыстау облысында түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, күндіз Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түседі.

Астанада 18 ақпанда ауа температурасы 25-27 градусқа дейін суытып, 19 ақпанда 27-29 градусқа дейін аяз көтерілуі мүмкін.

18-19 ақпанда Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы 25-30, кей жерлерде -33 градусқа дейін суытады.

19-20 ақпанда түнде Қарағанды облысында 28-33 градус аяз болады. Шығыс Қазақстан облысында да термометр бағамы -28-33 градусты көрсетіп, кей жерлерде -38 градусқа дейін жетуі ықтимал.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны