11.07.2013, 10:37 3012

Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

"ОҚО, Қарағанды, Ақтөбе, күндіз ШҚО, БҚО, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау, БҚО-да шаңды дауыл соғады. Күндіз БҚО-да бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды. Республиканың солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны