20.10.2011, 10:39 3672

Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылынады деп күтілуде

бейсенбі, 20 қазан күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон қалыптастырады, онымен жауын-шашындар тыйылып, күндіз температура жоғарылайды. Ал атмосфералық ағымдардың ықпалында болатын елдің батысында жаңбыр жауып, ұйытқыма жел тұрады.

Алматы. 20-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылынады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бейсенбі, 20 қазан күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон қалыптастырады, онымен жауын-шашындар тыйылып, күндіз температура жоғарылайды. Ал атмосфералық ағымдардың ықпалында болатын елдің батысында жаңбыр жауып, ұйытқыма жел тұрады.

Атап айтқанда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең жекелеген жерлерге тұман түседі.

Түнде Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының кей аумақтарында 0-3 градусқа дейінгі үскіріктер күтілуде.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте елдің таулы өзендерінде су көлемінің аздаған ауытқуы байқалады. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі сулы нысандардың беті біртіндеп суытады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны