07.02.2011, 15:32 3438

Қазақстанның басым аумағында қатты боран болады деп күтілуде

"Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сүйенсек, алдағы туліктерде Қазақстанның басым аумағында қатты боран болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сүйенсек, алдағы туліктерде Қазақстанның басым аумағында қатты боран болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "Батыс Қазақстан Ақтөбе облыстарында 7 ақпанның тәулігінде жылдамдығы секундына 17-22 метрлік, жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін баратын батысқа бағытталған жел, Батыс Қазақстан Ақтөбе облыстарында 7 ақпанның тәулігі мен 8 ақпанның түні кей жерлерінде қатты боран күтілуде", - деп көрсетілген хабарламада.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында 7-8 ақпанда күндіз, 8 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерде қатты боран, жылдамдығы секундына 17-22 метрлік, жылдамдығы секундына 28 метрге дейін баратын батысқа бағытталған жел күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны