17.03.2011, 11:21 4083

Қазақстанның басым аумағында көк тайғақ болып, тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде

17-наурыз күні Қазақстанның басым аумағында көк тайғақ болып, тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - наурыз. Kazakhstan Today - 17-наурыз күні Қазақстанның басым аумағында көк тайғақ болып, тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ақпаратына сүйенсек, "Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, 17 наурыз күні Қазақстанның басым аумағы өзімен бірге жауын-шашындар, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен күшті желдер алып келетін атмсофералық ағымдардың ықпалында болады. Тек республиканың оңтүстік-шығысының ауа райын антициклон тарамдары анықтайды.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр қашықтықта жел соғады деп күтілуде.

Ақмола облысында, түнде Ақтөбе, күндіз Қарағанды облысының жекелеген өңірлерінде жел тұрады, оның екпіні секундына 15-20 метр болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны