30.05.2013, 17:02 11564

Қазақстанның басым аумағында күн ашық, батыста - шаңды дауыл тұруы мүмкін

"Қазгидромет" мәліметтеріне сәйкес, республиканың тек батыс және солтүстік бөліктерінде атмосфералық ағымдардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі", - делінген хабарламада.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында күн ашық, батыста - шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның басым аумағында антициклонның ықпалымен ауа райы ашық болады деп болжануда, деп хабарлайды ҚР ТМЖ баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" мәліметтеріне сәйкес, республиканың тек батыс және солтүстік бөліктерінде атмосфералық ағымдардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі", - делінген хабарламада.

Қызылорда, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау, күндіз Ақтөбе облыстарында да жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Республиканың батыс бөлігінде өрт қауіпті жағдай сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны