11.10.2011, 11:56 4016

Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

Бүгін, 11 қазан күні Қазақстанның барлық аумағы дерлік аумақты антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

Алматы. 11-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжамына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, 11 қазан күні Қазақстанның барлық аумағы дерлік аумақты антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с екпінмен соғатын желге шаңды дауыл араласады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұманды болады.

Шығыс Қазақстан облысының басым аумағында, Қарағанды, Ақтөбе Алматы, Павлодар, Ақмола және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 0-5 градусқа дейін күн суытады.

Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында топырақ бетінде 0-2 градус қатқақ болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны