09.12.2011, 12:37 3042

Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

9 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, бұл күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 9 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, бұл күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Атап айтқанда, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде де тұман басады. Жалаңашкөл аумағында секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 28 метрге жетуі ықтимал.

Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-22 м/с жел мен тұман түсуі болжануда.

Алдағы тәулікте Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғасады. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде мұз қатуына байланысты судың деңгейі көтерілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны