Система Orphus

Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, деп күтілуде

21.10.2011, 12:16 2392

Алматы. 21-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометке" сілтеме жасай оытырып хабарлауынша, Қазақстанның елеулі бөлігінде антициклон билік жүргізуде, соның салдарынан ауа райы жауын шашынсыз болып, түнгі уақытта тұман тұрады. Тек республиканың батысында ғана атмосфералық фронттардың ықпалымен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге, Қызылорда облысында жел арты шаңды боранға ұласады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман тұрады.

Таяу күндері республиканың таулы өзендерінде елеулі өзгерістер болмайды. Қазақстанның солтүстік бөлігінің су нысандарында су бетінің аздап салқындауы сезіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны