23.09.2011, 14:36 3922

Қазақстанның басым аумағында күн суытады деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында циклонның ықпалымен болатын атмосфералық ағындардың әсерімен жаңбырлы болады, жел күшейеді, тұман түседі. Республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы. 23-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында күн суытады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында циклонның ықпалымен болатын атмосфералық ағындардың әсерімен жаңбырлы болады, жел күшейеді, тұман түседі. Республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар жерлерде тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-22 метр.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің күші 15-22 м/-қа жетеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кейбір аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, желдің күші 15-22 м/с.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын "Қазидромет" РМК, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 23-25 қыркүйек күндері түнде Ақтөбе және Қостанай облыстарында 0-3 градус салқындық болатыны туралы ескерту жасаған болатын. Бұдан басқа, 24-25 қыркүйек күндері Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 25-26 қыркүйек күндері түнде Шығыс Қазақстан облысында, 25 қыркүйекте түнде Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 0-3 градус салқындық болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны