21.05.2015, 10:10 4120

Қазақстанныӊ басым аумағында күшті жел соғады

Алдағы күндері Қазақстанныӊ басым аумағында күшті жел соғып, жаӊбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Алдағы күндері Қазақстанныӊ басым аумағында күшті жел соғып, жаӊбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Батыс Сібір аумағындағы циклон Қазақстанныӊ солтүстік бөлігіне әсер етіп отыр. Бұнда жел екпіні кей жерлерде 30-32 м/с дейін жетті. Циклон Шығыс Сібірге ауғанымен, суық атмосфералық ағымдар тағы үш тәулік бойы Қазақстандағы ауа райына ықпал ететін болады. Қазақстанныӊ басым аумағында жаӊбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, жел 20-28 м/с дейін күшейеді, температура көпжылдық орташа температурадан 2-5ә-қа төмендейді. Тек батыс облыстарда жаӊбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды", - делінген "Қазгидромет" мәліметінде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды.

"21 мамыр күні батыс, солтүстік-батыстан соққан жел күші 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді", - дейді синоптиктер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны