26.05.2011, 12:28 2886

Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр, кей жерлерді бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның басым аумағының ауа райына циклонның әсері сақталады.

Астана. 26 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр, кей жерлерді бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның басым аумағының ауа райына циклонның әсері сақталады.

Жекелеген жерлерде жауын жауып, найзағай ойнап, күшті желдер болады. Кей өңірлерге бұршақ түсуі ықтимал. Республиканың тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының кей аумақтарында 15-22 м/с жылдамдықта жел соғып, бұршақ жауады. СҚО-ның жекелеген жерлерінде түнде тұман болжануда.

Павлодар, Қарағанды, түнде Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында оған шаңды дауыл араласады. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады. Өңірде өрт қаупі жоғары.

Синоптиктердің гидрометеорологиялық болжамдарына сүйенсек, алдағы тәулікте күтіліп отырған нөсерлі жаңбырларға байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде жаңбыр суының тасқындары күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде жаңбырларға байланысты су деңгейі көтерілсе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны