12.05.2011, 11:52 1935

Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райына өзімен бірге жауын-шашындар, найзағай мен күшті желдер алып келетін - атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.

Астана. 12 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазгидрометтің" болжамына сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райына өзімен бірге жауын-шашындар, найзағай мен күшті желдер алып келетін - атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында түнде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Ал Маңғыстау облысында сулы нысандардың жағасында тұман күтілуде.

Гидрометеорологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны