18.05.2011, 15:39 3572

Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына атмосфералық ағындар ықпал етіп, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел соғады, солтүстік және шығыс аумақтарда түнде күн суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлаған.

Астана. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына атмосфералық ағындар ықпал етіп, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел соғады, солтүстік және шығыс аумақтарда түнде күн суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлаған.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысының жекелеген жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысын түнде тұман басады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында түнде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді. Ал Қарағанды облысының кей өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Павлодар облысының басым аумағында түнде 0-5 градусқа дейін күн суытады.

Таяу тәулікте қатты жаңбыр жаууына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының тау өзендерінде су тасуы күтілуде. Ал Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының өзендерінің кейбірінде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны