11.01.2012, 09:40 3798

Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, кей жерлерде қар жауады

11-қаңтар күні Қазақстанның батыс аудандарының ауа райына циклон әсер ететін болады, соның салдарынан кей жерлерде шамалы қар жауып, тұман түседі.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 11-қаңтар күні Қазақстанның батыс аудандарының ауа райына циклон әсер ететін болады, соның салдарынан кей жерлерде шамалы қар жауып, тұман түседі.

Республиканың оңтүстік аймақтарында атмосфералық ағындардың әсерінен шамалы қар жауып, жел күшейеді. Қалған аумақта күн ашық болады.

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде тұман түсіп, жаяу борасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында - кей жерлерде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман көтеріледі, Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секудына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны