21.12.2011, 09:37 3065

Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, кей жерлерінде боран соғады деп күтілуде

Сәрсенбі, 21 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның ықпалында болады.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, кей жерлерінде боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сәрсенбі, 21 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның ықпалында болады.

Мәселен, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Батыс Қазақстен мен Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұманды, 16-21 м/с күшпен жел соғады. Атырау облысының кей аумақтарында - тұман, көктайғақ, 16-21 м/с жылдамдықтағы жел күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей өңірлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжануда. Алматы облысының кейбір жерлерінде қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында өте қатты аяз күтілуде.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарының денінде мұз қату процесі үдей түседі. Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз кептелістерінің салдарынан су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасуы мүмкін. Семейдің Ертіс өзенінде, ШҚО, Печи ауылының маңынан ағып өтетін Бұқтырма өзенінің бөлігінде су деңгейінің көтерілуі жалғасып, су басу қаупі болуы ықтимал. Сырдария, Балдырбек және өзге де өзендерде мұздың қатуына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны