13.01.2012, 12:45 3730

Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде

Атмосфералық ауа ағымдарының жүруіне байланысты Қазақстан аумағында бүгін күн райының тұрақсыздығы байқалады.

Астана. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, атмосфералық ауа ағымдарының жүруіне байланысты Қазақстан аумағында бүгін күн райының тұрақсыздығы байқалады.

Республиканың солтүстік және шығыс өңірінде жауын-шашынсыз. Еліміздің бірқатар аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман болмақ. Ал Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ байқалмақ.

Сондай-ақ Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ салдары орын алуы мүмкін және Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыс желі 18-23 м/с-ні құрамақ.

Қазақстанның сулы нысандарының көпшілігінде мұздың қалыптасуы жалғасады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөліктерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Кейбір өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны