28.10.2011, 11:59 4057

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, кей жерлерінде қар жауады деп күтілуде

Жұма күні Қазақстанның көптеген облыстарының ауа райына белсенді антицклон мен сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым айырықтары ықпал етеді. Онда қар аралас жауын жауып, республиканың оңтүстік-шығысында нөсерлетіп жауын жауып, жел күшейіп, жекелеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады, деп мәлім етті "Қазгидромет" РМК.

Астана. 28-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, кей жерлерінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Gazeta.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Қазақстанның көптеген облыстарының ауа райына белсенді антицклон мен сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым айырықтары ықпал етеді. Онда қар аралас жауын жауып, республиканың оңтүстік-шығысында нөсерлетіп жауын жауып, жел күшейіп, жекелеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады, деп мәлім етті "Қазгидромет" РМК.

Астанада жұма күні ала бұлтты, кейде қар аралас жауын жауады, тұман түседі, көктайғақтанып, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екіпіні 18 м/с болады, ауа температурасы 0ИС шамасында болады.

Алматыда ала бұлтты, қар аралас жауын жауады. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы +4+6ИС болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, еліміздің солтүстігінде жауын-шашынды. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, тұмандатып, көктайғақтанып, ауа температурасы сәйкесінше -2+3, 0+5, -2+3, -2+3ИС болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашындатып, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, тұмандатып, көктайғақтанып, ауа температурасы сәйкесінше 0-5 және 0+5ИС болады.

Республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде жауын жауады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында жауын-шашындатып, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы сәйкесінше, +3+8, +3+8 және +2+7ИС болады. Қызылорда облысында аздап жауын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с болады, ауа температурасы +2+7ИС болады.

Қазақстанның батысында кей жерлерінде жауын жауады. Маңғыстау облысында күн ашық, ауа температурасы +8+13ИС, Атырау облысында - аздап жауын жауады, ауа температурасы 0+5ИС, Батыс Қазақстан облыстарында жауын, ауа температурасы 0+5ИС, Ақтөбе облысында да жауын, 15-22 м/с жел соғады, тұман, көктайғақ, ауа температурасы -2+3ИС.

Жақын күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінің өзен-көлдері біртіндеп салқындай түседі. Жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан облысының жекелеген таулы өзендеріде су деңгейі құбылып тұрады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны