25.08.2011, 09:50 3576

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде

Бейсенбі күні Қазақстан территориясына бұрынғысынша циклон ықпал етіп, атмосфералық тұтас ағым өтуінен кей жерлерінде өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Алматы. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Қазақстан территориясына бұрынғысынша циклон ықпал етіп, атмосфералық тұтас ағым өтуінен кей жерлерінде өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Метеоболжам бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде 17-22 м/с болып, күндіз екпіні 28 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда, Алматы облыстарында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, шаң суырады.

Алматы облысында жауын жауады, ауа температурасы +28+33, Жамбыл облысында да жауын, +27+32, Оңтүстік Қазақстан облысында жауын, +25+30, Қызылорда облыстарында жауын, +24+29 градус, Маңғыстау облысында да жауын жауады, +22+27, Атырау облысында да жауын, +17+22, Батыс Қазақстан облысында жауын жаумайды, +15+20, Ақтөбе облысында жауын, бұршақ жаууы ықтимал, +15+20, Қостанай облысында жауын, +10+15, Солтүстік Қазақстан облысында жауын жаумайды, +10+15, Ақмола облысында жауын, +13+18 градус, , Павлодар облысында өтпелі жауын, +13+18, Қарағанды облысында жауын, +19+24 градус, Шығыс Қазақстан облысында жауын, кей жерлерінде бұршақ, +19+24 градус болады.

Астанада ала бұлтты, күндіз күн күркіреп, өтпелі жауын жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с болады, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы +16+18 градус болады.

Алматыда да ала бұлтты, күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, 2-7 м/с самал соғады, екпіні 13 м/с болып, күндіз ауа температурасы +31+33 градус болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны