21.09.2011, 10:15 3277

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде

Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде циклонның және оның әсерінен болатын атмосфералық ағындардың ықпалымен солтүстік аудандарда кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді.

Алматы. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде циклонның және оның әсерінен болатын атмосфералық ағындардың ықпалымен солтүстік аудандарда кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді.

Республиканың батысында күн ашық болады, деп күтілуде.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе. Қызылорда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысында бірқатар жерлерде желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында - бірқатар жерлерде желдің екпіні 17-22 м/с болып, 25 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі .

Қазақстанның оңтүстгінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстік-батысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақтаады.

Таяудағы тәуліктерде Алматы облысының аласа таулы өзендерінде нөсер жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтерілуі, қысқа мерзімді жаңбыр сулары тасқыны пайда болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны