10.06.2011, 12:49 3062

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы. 10 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, түнде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында - күн күркіреп кей жерлерде секундына 15-20 метрге жететін жел соғатын болады.

Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан облыстарында - түнде кей жерлерінде тұман болады.

Еліміздің оңтүстігінде өрт қаупі сейілмей тұр, деп хабарлайды арнайы мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны