22.04.2011, 11:28 4583

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазақстанның басым аумағына циклон құрылымдалуы әсер етіп, республиканың орталық аудандары арқылы жылжыған ол кей жерлерде жаңбыр және екпінді жел шақырады", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Республиканың батыс және оңтүстік-шығыс аудандары жоғары қысым аумағында болады. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, түнде Ақтөбе, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел қуаты секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды облыстарының кей жерлерінде шаң көтеріліп, жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Сонымен қатар Қызылорда облысында да жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, шаң көтеріледі деп күтілуде.

Фото: www.stihi.ru


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны