28.04.2011, 13:54 3573

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ал республиканың шығыс және оңтүстік өңірлеріне өзімен бірге жауын-шашындар мен найзағай алып келетін - атмосфералық ағымдар әсер етпек.

Мәселен, Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл мен 15-20 м/с екпіндегі күшті желдер күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайтын болады. Ал Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына түнде тұман түседі деп болжануда.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, Алматы облысының таулы өзендеріндегі қауіпті жағдай бүгін де сақталады. Еске салайық, "Қазгидромет" 26-28 сәуір күндері аралығында ауа температурасының жоғарылауы мен күтіліп отырған жаңбырларға байланысты облыстың таулы өзендері арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы мүмкіндігі туралы ескерткен болатын.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Жайық өзенінің Атырау облысының маңынан ағып өтетін бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде және Ертіс өзенінде су деңгейінің байыппен көтерілуі жалғасқанымен тасулар мен су басу жағдайлары күтіліп отырған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны