05.10.2011, 11:19 3792

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады

5 қазанда, сәрсенбі күні атмосфералық ағымдардың өтуімен Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, ұйытқыма жел тұрады.

Алматы. 5-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжамына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 5 қазанда, сәрсенбі күні атмосфералық ағымдардың өтуімен Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, ұйытқыма жел тұрады.

Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында 15-22 м/с жылдамдықта жел соғады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтілуде.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында түнде 0-3 градусқа дейін суытады.

Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі болады.

Астана қаласында температура бағаны күндіз +8+10 градусты көрсетсе, түнде 4-6 градусқа дейін төмендейді. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Таңертең және күндіз оның екпіні 18 метрге жетуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны