08.06.2011, 11:09 2638

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағы циклонның ықпалында болады, сондықтан жекелеген жерлерде жауын-шашын, найзағай мен күшті желдер күтілуде.

Астана. 8 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағы циклонның ықпалында болады, сондықтан жекелеген жерлерде жауын-шашын, найзағай мен күшті желдер күтілуде.

Кей аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Маңғыстау облысында түнде тұман болады. Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында секундына 15-20 метр екпінде жел соғып, бұршақ жауады, түнде жекелеген жерлерді тұман басады.

Республиуканың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны