01.07.2011, 14:22 3108

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, республиканың басым бөлігі атмосфералық ауа ағымының ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, жел тұрады.

Алматы. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, республиканың басым бөлігі атмосфералық ауа ағымының ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, жел тұрады.

Атап айтқанда, Ақмола, Атырау облыстарында, түнде Жамбыл облысында, күндіз Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында екпіні 15-20 метр/секундты шамалайтын жел тұрады.

Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-22 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны