04.07.2011, 12:15 3533

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлері антициклон ықпалында, Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік шығыс облыстары атомосфералық фронттардың ықпалында болып, жаңбыр, найзағай және екпінді жел соғады,.

Алматы. 4-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлері антициклон ықпалында, Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік шығыс облыстары атомосфералық фронттардың ықпалында болып, жаңбыр, найзағай және екпінді жел соғады,.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа жетеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде құйын соғып, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн қатты ыстық болады деп күтілуде. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының оңтүстік батысында күннің қатты ыстық қауіпі сақталады.

4 шілде мен 7 шілде аралағында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су толқыны болады деп күтілуде. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейі артады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны