22.09.2011, 14:43 3298

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

Қазақстанның басым аумағы циклон және онымен байланысты ауа бөліністері ықпалында болып, жаңбыр жауады, жел күшейеді, шаң борайды. Республиканың батысы жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерді тұман басады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Алматы. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның басым аумағы циклон және онымен байланысты ауа бөліністері ықпалында болып, жаңбыр жауады, жел күшейеді, шаң борайды. Республиканың батысы жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерді тұман басады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-22 метрге барады. Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында жел қуаты секундына 15-22 метрге жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, шаң борайды. Маңғыстау облысының Каспий жағалауын тұман басады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяу тәулікте күтілетін жаңбырға байланысты Алматы облысының жекелеген тау өзендерінің су деңгейі артады. Ал республиканың оңтүстік және шығыс тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны