04.10.2011, 13:59 3469

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде күшті жел соғады деп күтілуде.

Алматы. 4-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауыша, Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде күшті жел соғады деп күтілуде.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жел жылдамдығы 15-24 м/с дейін күшейеді деп болжануда. Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с дейін күшеймек, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарына күн 0-3 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде, орталығы мен шығысында өрт қауіпті жағдай сақталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны