18.10.2011, 10:51 3393

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

Бүгін, 18 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аумақтарымен өтетін суық ағындар жауын-шашындар мен күшті желдер алып келеді.

Алматы. 18-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, 18 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аумақтарымен өтетін суық ағындар жауын-шашындар мен күшті желдер алып келеді.

Елдің батыс және оңтүстігіндегі жекелеген өңірлерде аздаған жаңбырлар жаууы мүмкін.

Мәселен, Ақмола, Қарағанды, түнде Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с-қа дейін жел көтеріледі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 27-ге жетуі ықтимал.

Түнде және таңертең Қостанай облысында тұман түседі. Түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2-7 градус суық болады.

Қызылорда облысында температура бағамы түнде 0-3-ке дейін төмендейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны