26.10.2011, 10:19 4754

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық тұтас ағым өтуіне байланысты жауын жауып, жекелеген аймақтарда жел күшейеді.

Алматы. 26-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық тұтас ағым өтуінен жауын жауады, жекелеген аймақтарда жел күшейеді.

Метеоболжам бойынша, Астанада ала бұлтты, күндіз аздап жауын жауады. Оңтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел екпіні күндіз 18 м/с-қа барады. Ауа температурасы күндіз 7+9 ИС градус жылы болады.

Алматыда ала бұлтты, жауын жаумйды. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 16+18ИС болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, еліміздің солтүстігінде жауын жауады. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, жауын жауады деп күтілуде, Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы сәйкесінше +2+7, +3+8 және +4+9ИС болады. Павлодар облысында жауын жауады, желдің жылдамдығы 15-22 м/с болады, ауа температурасы +5+10ИС.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +7+12 және +10+15ИС.

Республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде жауын жауады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел 15-22 м/с-қа днйін күшейіп, жауын жауып, Жамбыл облысында кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы сәйкесінше, +13+18, +16+21 және +12+17ИС болады. Алматы облысында жауын жаумайды, ауа температурасы +13+18ИС болады.

Қазақстанның батысында жауын жауады. Маңғыстау облысында жауын, 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы +8+13ИС, Ақтөбе облысында да жауын, ауа температурасы +3+8ИС. Батыс Қазақстан облысында да жауын жауады, желдің жылдамдығы 15-22 м/с болады, ауа температурасы +5+10ИС. Атырау облысында жауын-шашынсыз, 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы ++5+10ИС.

Жақын күндері Қазақстанның өзен-көлдерінің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны