19.04.2011, 11:29 3718

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 19 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжамына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның басым аумағында - жауын-шашынды, жекелеген өңірлерде найзағай, шаңды дауыл мен күшті жел соғады деп күтілуде.

Айтап айтқанда, 19 сәуір күні Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады. Қарағанды облысында секундына 15-20 метр күшпен соғатын желге шаңды дауыл араласады. Ақтөбе облысының жекелеген аумақтарын тұман басып, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Қостанай облысында сондай-ақ желді, оның күші кей уақыттары секундына 23 метрге жетуі ықтимал. Ал Маңғыстау, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерін тұман басады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықтағы жел мен шаңды дауыл болжануда.

Сондай-ақ, бүгін Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі одан әрі жалғасады, олар арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы ықтимал.

"Алдағы тәулікте Жайық өзенінде, Есіл өзенінің Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ағып өтетін бөлігінде және Тобылдың Ресеймен шекара бөлігінде көктемгі тасқындардың толқындары қалыптасуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі одан әрі жалғасады, олар арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы ықтимал. Ал Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының сулы нысандарында су деңгейлерінің аздап ауытқуы байқалады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны