23.08.2011, 10:05 3088

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жаууы мүмкін деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, 23 тамыз күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың ығысуымен кей жерлерде жаңбырлар, найзағай мен күшті желдер сақталады.

Алматы. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жаууы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, 23 тамыз күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың ығысуымен кей жерлерде жаңбырлар, найзағай мен күшті желдер сақталады.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей аумақтарда тұман болады.

Қызылорда және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін артып, оған шаңды дауыл араласады.

Ал Алматы және Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде қатты ыстық күтілуде.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталықтың жекелеген учаскелерінде төтенше жоғары өрт қаупі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны