27.01.2015, 09:48 4015

Қазақстанныӊ басым бөлігінде 30 градустық аяз сақталады

Қазақстанныӊ басым бөлігі, бұрынғысынша, антициклонныӊ ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканыӊ оӊтүстік-шығыс және солтүстігінде атфосфералық ағымдардыӊ өтуіне байланысты ауа райы құбылып, кей жерлерде қар жауады, аздаған жел соғады деп болжанады

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым бөлігі, бұрынғысынша, антициклонныӊ ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканыӊ оӊтүстік-шығыс және солтүстігінде атфосфералық ағымдардыӊ өтуіне байланысты ауа райы құбылып, кей жерлерде қар жауады, аздаған жел соғады деп болжанады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жамбыл облысында тұман түсіп, бұрқасындатады, таӊертеӊ және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Оӊтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында 15-20 жылдамдықта жел соғып, аздап боран соғады. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында тұман түседі деп күтілуде. Түнде Маӊғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде Алматы, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында аяз күшейіп, облыстардыӊ солтүстігіне қарай аяз тым күшейе түседі. Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз көтеріледі деп болжануда, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, дабылды ескерту жарияланды, 27 қаӊтарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Ауа температурасы түнде 22-27, кей жерлерде 30-35, жекелеген жерлерде 38 градусқа дейін аяз болады.

27 қаӊтарда Оӊтүстік Қазақстанда, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын күтілуде (қар аралас жаӊбыр), кей жерлерде жауын-шашын молынан жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оӊтүстік-шығыстан соққан желді солтүстік-шығыстан соққан жел алмастырып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 15-20, жекелеген аймақтарда 23-28 градусқа дейін төмендейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны