15.01.2015, 09:17 3965

Қазақстанныӊ басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, бұрқасынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді

Қазақстанныӊ басым бөлігі атмосфералық ағындардыӊ фронтальды бөліктердіӊ ықпалында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынды, бұрқасынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, республикамыздыӊ оӊтүстік-батысында ғана күн райы ашщық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым бөлігі атмосфералық ағындардыӊ фронтальды бөліктердіӊ ықпалында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынды, бұрқасынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, республикамыздыӊ оӊтүстік-батысында ғана күн райы ашщық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Маӊғыстау, Ақтөбе облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Қарағанды, Қостанай облыстарыныӊ кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды, көктайғақ болады, күндіз желдіӊ екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдіӊ күші 18-23 м/с. Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдіӊ 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Жәрмеӊке аймағында желдіӊ екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Алматы облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаӊашкөл аймағында желдіӊ екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны