22.12.2009, 10:27 1778

Қазақстанның басым бөлігінде боран және көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде боран және көктайғақ болады

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ және қатты жел, ал солтүстік пен шығыста - боран және көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, республиканың барлық аумағындағы ауа райын атмосфералық фронталдық ағындар анықтайтын болады. Тек республиканың солтүстігі ғана суық антициклонның әсеріне ұшырайды.

Атап айтқанда, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Қостанай облысында, түнде Ақмола облысында боранды, кейбір аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжануда.

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында боран болады, желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Ал Қарағанды облысында көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, борандатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны