05.02.2010, 10:43 1615

Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады

Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары атмосфералық ағым бөліктерінің ықпалында болады. Ал ресубликаның қалған аумақтарының ауа райын антициклон тарамдары анықтайды.

"Мәселен, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде. Маңғыстау облысында - кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, желдің екпіні 17-22 м/с болады. Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында бұрқасын сақталады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында кей аумақтарда тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с болмақ",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны