25.10.2011, 11:49 3648

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Сейсенбі, 25 қазан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен жекелеген жерлерде жауын-шашын болып, ұйытқыма желдер тұрады.

Алматы. 25-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сейсенбі, 25 қазан күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен жекелеген жерлерде жауын-шашын болып, ұйытқыма желдер тұрады.

Атап айтқанда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында желдің күші 15-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Атырау облысының кей аумақтарында тұманды, түнде және таңертең - көктайғақ, күндіз -18 м/с жылдамдықтағы жел күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны