24.12.2014, 10:20 3590

Қазақстанныӊ басым бөлігінде жауын-шашынды, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі - 24 желтоқсандағы ауа райы болжамы

Алматы облысындағы Жалаӊашкөл ауданында желдіӊ екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігінде атмосфералық ағындардыӊ өтуімен байланысты ауа райыныӊ тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі, республиканыӊ шығысында және оӊтүстік-шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысындағы Жалаӊашкөл ауданында желдіӊ екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде желдіӊ күші 15-20 м/с-қа жетіп, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады. Маӊғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдіӊ күші 15-20 м/с, тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдіӊ екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Таяудағы тәуліктерде оӊтүстіктегі, оӊтүстік-шығыстағы кей өзендерде күнніӊ жылынуымен байланысты мұз қатуыныӊ әлсіреуі байқалады; қар астында мұз қатуыныӊ әсерінен су деӊгейі көтерілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысыныӊ кейбір өзендерінде мұз қатуыныӊ салдарынан су деӊгейі құбылуы мүмкін. Қазақстанныӊ батыс, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны