29.12.2009, 09:48 1818

Қазақстанның басым облыстарында тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады - ТЖМ

Қазақстанның басым облыстарында тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады - ТЖМ

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым облыстарында алдағы тәуліктерде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " Қазақстанның басым облыстары атмосфералық фронталдық бөліністердің ықпалында болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның оңтүстік-батыс шеті сақталады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Алматы облысында Жалаңашкөл маңында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге, кей уақыттары 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді".

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрді құрайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны